Компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2014 жылдың қазан айында жаңартылған KIA Sorento Парижде жұртшылық назарына ұсынылған болатын. «Азия Авто» зауыты жаңа үлгідегі көлікті Корея аумағынан тыс жерде шығарып жатқан бірінші кәсіпорын атанып отыр. Жаңа үлгідегі көлік Base, Comfort, Luxe, Prestige және Premium деп аталатын бес түрлі деңгейде жабдықталады. Олардыің әрбірінде салондағы климатты қадағалайтын және ауаны иондандыратын жүйе бар.
Жаңартылған KIA Sorento 2015 жылдың қаңтарынан бастап сатуға шығарылмақ.