Жол апатына қатысты автопарк лицензиясынан айырылуы мүмкін - Алматы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол апатына қатысты автопарк лицензиясынан айырылуы мүмкін - Алматы

Жол апатына қатысты автопарк лицензиясынан айырылуы мүмкін - Алматы

 Алматы әкімі Ахметжан Есімов профильді құрылымдардың жетекшілеріне N31 маршрутындағы жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатының мән-жайын анықтауды тапсырды,

  • 19 Қаңтар 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады қалалық әкімшіліктің баспасөз қызметінен.
Дүйсенбіде таралған ақпаратқа қарағанда, А.Есімов жол апаты автобустың техникалық ақауы салдарынан болды деген алдын ала жорамал расталған жағдайда "автопаркті маршруттан айыруды және тіпті қатаң жаза қолданып, лицензиядан айыруды тапсырған».
Алдында хабарланғандай, 18 қаңтар күні автобус жүргізушісі көлікке ие бола алмай, оншақты көлікпен соқтығысқан, бір жаяу адамды қаққан. Жол апаты салдарынан 9 адам жарақат алды, бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалды.