Француздардың 40 пайыздан астамы Мұхаммед пайғамбарға карикатура жариялауға қарсы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Француздардың 40 пайыздан астамы Мұхаммед пайғамбарға карикатура жариялауға қарсы

Француздардың 40 пайыздан астамы Мұхаммед пайғамбарға карикатура жариялауға қарсы

Мұсылмандардың намысына тиетіндіктен Мұхаммед пайғамбарды әжуалайтын карикатуралар жариялауды тоқтату қажет деп есептейді.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 693
Фото - Caravan.kz

Ifop институты жүргізген сауалнамаға қатысқан француздардың 42 пайызы осындай пікірде, деп жазады «Журналь дю диманш» басылымы.

Ал, сауалнамаға қатысқандардың 57 пайызы керісінше, Аллаһ елшісін мазақ ететін карикатуралардың алдағы уақытта да жарияланып отырғанын қалайды. Қалған респонденттер бейтарап ұстаным білдіріпті.
Сонымен қатар, сұралғандардың 50 пайызы Францияда интернет желісінде, әсіресе, әлеуметтік желілерде пікір білдіру еркіндігіне бірқатар шектеулер енгізу қажет деген бастаманы қолдайды. Француздардың 49 пайызы бұл идеяға түбегейлі қарсылық білдірді,
Қаңтардың 16-сы мен 17-сінде өткізілген сауалнамаға мыңнан астам адам қатысқан.