2014 жылы қазақстандық шекарашылар 100 килоға жуық героин тәркіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы қазақстандық шекарашылар 100 килоға жуық героин тәркіледі

2014 жылы қазақстандық шекарашылар 100 килоға жуық героин тәркіледі

 Қазақстан ҰҚК Шекаралық қызметі 2014 жылы 24 мыңнан аса тәртіп бұзушыны ұстады.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 341
Фото - Caravan.kz


"Есептік мерзімде бөлімшелер және құрамдар шекаралық кеңістіктен 24 мыңнан аса тәртіп бұзушыны ұстады. Контрабанданың 673 әрекетіне тойтарыс берілді, тасымалдауға тыйым салынған жалпы салмағы 2 мың тоннадай зат ұсталды", делінген Шекара қызметінен дүйсенбіде таралған ақпаратта.
Сонымен қатар 2014 жылы 1,5 тоннадай есірткі заттары тәркіленген ,оның ішінде 96,8 кило героин бар.
Теңіздегі шекарашылар арнайы шұғыл шаралар барысында Каспий теңізі акваторийінен 144 қайық ұстаған, бағалы тұқымдас балықтың 4 мыңы тәркіленген.
"Тойтарыс берілген құқық бұзушылық фактілері бойынша 190 қылмыстық іс қозғалған, 10394 азаматқа 168 млн 888 мың теңге сомасына айыппұл салынған”.