Еуро-5 енгізілгенімен Еуро-3 немесе 4 стандарттарының автокөліктерін пайдалану жалғасады - сарапшы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуро-5 енгізілгенімен Еуро-3 немесе 4 стандарттарының автокөліктерін пайдалану жалғасады - сарапшы

Еуро-5 енгізілгенімен Еуро-3 немесе 4 стандарттарының автокөліктерін пайдалану жалғасады - сарапшы

 Қазақстанда Еуро-5 енгізілген кезде, әлемде бұдан да жетілдірілген экологиялық стандарттар пайда болады.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 389
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы «Қазақстан мемлекеттік-жекеменшік серіктестік орталығы» АҚ-ның сарапшысы Надира Мырзағалиева айтты.

«Мұнай өңдеу зауыттарында Еуро-3,4 және 5-ті кезең-кезеңмен енгізу ұзақ уақытты талап етеді. Біз Еуро-5-ті енгізген кезде бұдан да жетілдірілген стандарттар пайда болады»,-дейді Н. Мырзағалиева.

Атап айтқанда, экологиялық стандарттар автокөліктерде пайдаланылған газдарда құралған зиянды заттарды реттейді. Көліктерден шығатын газдар ауаны ластаудың жалпы үлесінде 90 пайызға жуық көлемді қамтып отыр, яғни бұнда 200-ге тарта химиялық қосындылар бар.

Осы себептен экологиялық стандарттардың жаңа түрлері даярлануда. Бұл өз кезегінде аталған газдардың адам денсаулығы мен қоршаған ортаға әсерін төмендетуге негізделіп отыр.


«Еуро-5- ті енгізгеннің өзінде Еуро-2,3 немесе 4 стандарттарының автокөліктерін пайдалану жалғасады. Себебі, халықтың басым бөлігі көліктерін бірден жаңасына ауыстыра алмайды», — деді сарапшы.