Париждегі терактіден кейін Олландтың атағы 21%-ға артты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париждегі терактіден кейін Олландтың атағы 21%-ға артты

Париждегі терактіден кейін Олландтың атағы 21%-ға артты

Париждегі терактілерден кейін Франция президенті Франсуа Олландтың ұзақ уақыт төмен болған рейтингі 21%-ға көтерілді,

  • 19 Қаңтар 2015
  • 363
Фото - Caravan.kz


деп Ifop институтының бүгін жарияланған сауалнама қорытындысында көрсетілген.
Енді Ф.Олландты Франция азаматтарының 40%-ы қолдайды.
Сауалнама қорытындысына сәйкес, респонденттердің 60%-ы президент шетелдегі Франция азаматтарының мүддесін дұрыс қорғап отыр деп есептейді, бұл желтоқсан айында өткізген сауалнамаға қарағанда 13% артық.
Экономика саласында Ф.Олландтың әрекетін 24% адам жақтап отыр (бұл 7% артық).
Сауалнамаға қатысушылардың 23%-ы Ф.Олландтың келесі сайлауда қайта сайлануын жақтап отыр. Өткен айда мұндай респлонденттер 14% болған.
Француз премьері Манюэль Вальстің де рейтингі өсті. Оның танымалдық өсімі 17%-ды құрады. Осылайша, қазіргі кезде 61% француз үкімет басшысын қолдайды.
Сауалнамаға 1003 адам қатысты.