Қажымұқанның ролін сомдаған Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қажымұқанның ролін сомдаған Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды

Қажымұқанның ролін сомдаған Әлеухан Бекболатұлы өмірден озды

Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы, теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 28 мемлекетте күреске түсіп, 56 медаль олжалаған әйгілі Қажымұқан балуанның ролін сомдаған белгілі актер Әлеухан Бекболатұлы кеше 60 жасында жүрек ауруынан көз жұмды.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 651
Фото - Caravan.kz

Дүние жүзінің чемпиондары Иван Поддубный, Иван Шемякин, Алекс Аберг, Иван Заикин, Георг Лурих, Георг Гаккеншмидт, Поль Понс, Вейланд Шульц сынды жампоздармен қатар жүрген қазақтың атақты балуанының ролінде ойнау екінің бірінің қолынан келе бермейді.

Әлеухан Бекболатұлы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында 1955 жылы дүниеге келген. Ол — Қажымұқан киносына сом денелі, сұңғақ бойлы және күреске бейімділігінің арқасында  200-ден астам үміткерлердің ішінен таңдап алынып, Қажымұқан ролін сәтті сомдаған акторлардың бірі.

Марқұмды ақтық сапарға шығарып салу рәсімі бүгін 12.30-да Қарағанды трассасындағы Ер Көкше көшесінде «Райымбек» дәмханасында өтеді.