Қазақстан әуе қорғанысы әскери бөлімшелерінде жауынгерлік дайындықтың жоспарлы тексеруі басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан әуе қорғанысы әскери бөлімшелерінде жауынгерлік дайындықтың жоспарлы тексеруі басталды

Қазақстан әуе қорғанысы әскери бөлімшелерінде жауынгерлік дайындықтың жоспарлы тексеруі басталды

 Қазақстан Қарулы күштерінің Үшарал және Алматы гарнизондарының жауынгерлік дайындығын жоспарлы тексеру басталды,

  • 20 Қаңтар 2015
  • 443
Фото - Caravan.kz


деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы әуе генерал-майоры Нұрлан Орманбетов басшылық ететін кешенді комиссия Боралдай мен Жетігенде орналасқан Алматы гарнизонының әскери бөлімшелерін тексерді, делінген сейсенбіде ведомстводан таралған ақпаратта.
Әскери бөлімшелердің жауынгерлік кезекшілікті ұйымдастыруы, жауынгерлік дайындығы, материалдық -техникалық қамсыздандырылуы тексерілді.
"Шаралардың басы мақсаты, жеке құрамның жан -жақты дайындығын тексеру, бөлімшелердің жауынгерлік дайындығы деңгейін бағалау”, делінген онда.
Сейсенбіде комиссия Үшарал гарнизоны жауынгерлерінің дайындығын тексермек.
Жоспарлы жұмыс бабындағы тексеру осы аптаның соңына дейін болмақ. Тексеру аяқталған соң әскери тәртіпті күшейту, дайындау жағынан ұсыныстар жасалып, әскери бөлімшелердің командирлеріне керекті көмек көрсетіледі, делінген онда.