Brent маркалы мұнай бағасы тұрақтады, WTI арзандап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Brent маркалы мұнай бағасы тұрақтады, WTI арзандап жатыр

Brent маркалы мұнай бағасы тұрақтады, WTI арзандап жатыр

Сейсенбі күні Brent маркалы мұнай бағасы өзгерген жоқ.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 558
Фото - Caravan.kz


Ал  WTI маркалы қара алтын арзандап жатыр, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі.
Бүгін таңертең Лондонның бирже ICE Futures қор биржасында Brent мұнайының наурыз айына арналған фьючерстерінің бағасы 0,08 долларға (0,16%) төмендеп, бір баррелі 48,76 долларға сатылды. Дүйсенбі күні кешқұрым фьючерс құны 1,33 долларға (2,65%) төмендеген-ді.
Нью-йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпанға арналған фьючерстері 1,18 долларға (2,42%) арзандап, бір баррелі 47,51 долларға сатылды.
WTI мұнайының арзандауына  Қытай нарығында энергия көздеріне деген сұраныс жойылуы мүмкін деген болжамдар ықпал етті.