Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында болған 7 адамның алтауы қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында болған 7 адамның алтауы қаза тапты

Апатқа ұшыраған АН-2 ұшағында болған 7 адамның алтауы қаза тапты

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған Ан-2 ұшағында 7 адам болған, соның ішінде 3-еуі экипаж мүшесі. Бұл туралы Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. 

  • 21 Қаңтар 2015
  • 366
Фото - Caravan.kz

Ұшақ құлаған ауданға «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орны қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері, Қарағанды және Жамбыл облыстары Төтенше жағдайлар департаменттерінің құтқару бөлімшелері және Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің жедел-тергеу тобы жіберілді. 

«Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС «Шатыркөл» кен орнының күшімен жүргізілген іздестіру-құтқару жұмыстарының нәтижесінде сағат 17.01-де құлаған ұшақ кен орнынан 20 шақырым жерде анықталған болатын.

Ұшақтың құлауынан экипаждың 3 мүшесі, сондай-ақ 3 жолаушы қаза болды. Ұшақ құлаған орында тірі қалған бір әйел адам табылды, ол ауруханаға жеткізілді.

Жамбыл облыстық ТЖД құтқарушылары Шу ауданында ұшақтың құлаған аумағында іздеу жұмыстарын жүргізуде. 

20 қаңтар күні шамамен сағат 15:00-де Жамбыл облысының Шу ауаданында, Төле би ауылынан шығысқа қарай 45 шақырым жерде АН-2 ұшағы апатқа ұшырады.


«Әулие-Ата» халықаралық әуежайы» АҚ-ның директоры Анатолий Нестеренконың айтуынша, 12 орындық АН-2 ұшағы Қарағанды қаласындағы «Олимп-Эйр» компаниясының иелігінде. Апатқа ұшырау орнына жауапкерлішік аймағы әуе авиациясының Алматы басқармасына тиесілі. Олай болғанымен, Шу ауданына жамбылдық құтқарушылар шығып үлгерді, деп нақтылады ол.

Жамбыл облыстық ТЖ департаменті басшысының міндетін атқарушы Бағдат Даниловтың айтуынша, құтқару қызметінің мамандары ұшақ құлаған жерді анықтады.