Алматы облысындағы шекара заставасының командиріне белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысындағы шекара заставасының командиріне белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсетті

Алматы облысындағы шекара заставасының командиріне белгісіз біреулер қоқан-лоқы көрсетті

Ұйғыр АІІБ-нің кезекшілік бөліміне Қолжат ауылына жақын орналасқан шекара заставасынан белгісіз үш адамның застава командирін пышақпен қорқытып, ақша талап еткені туралы хабарлама келіп түсті. Алайда оқиға орнына келіп қалған әскери қызметкерлер қастық әрекеттің жасалуына кедергі болды. 

  • 21 Қаңтар 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz


Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметтерінше, жедел-іздеу шараларын өткізу барысында күдікті азаматтар — бұған дейін әскерден түрлі себептермен шығарылған бұрынғы әскери қызметкерлер екені белгілі болды. 

Істі қарау кезінде ұсталған азаматтардың бірі шекара жасақтарының офицеріне таныс болып шыққаны анықталды.
Қорқытып ақша талап ету фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олардан тергеу уақыты бойынша, ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды.