Өскеменде үшкір мұздар тұрғындардың зәре-құтын қашыруда - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменде үшкір мұздар тұрғындардың зәре-құтын қашыруда

Өскеменде үшкір мұздар тұрғындардың зәре-құтын қашыруда

Еріген қар суынан қатқан үшкір мұздар Өскемен тұрғындарының зәре-құтын қашыруда. Шатырға жабысқан үлкен мұздар кәдімгідей қауіп туғызуда. Ал пәтер иелері кооперативтері болса бұл қауіпті сейілтуге қаражат жоқ деп отыр. 

  • 21 Қаңтар 2015
  • 215
Фото - Caravan.kz

Бар гәп ауа райының күрт жылынуында. Мұнда екі аптадан бері сынап бағаны плюстен түспей келеді. Салдарынан күртік қар күні бойы шылқыған суға айналып, түнімен мұз боп қатуда. Шатыр шетіне қатқан мұздардың көлемі үлкейгені сондай, жергілікті тұрғындар біреу-міреудің үстіне түсіп кете ме деп қорқумен жүр. Ал пәтер иелері кооперативтері болса қатердің алдын алуға асығар емес. Дегенмен, қалалық төтенше жағдайлар департаменті барлық қауіпті тұрғын үйлерді тізімге алып қойыпты. Егер мұздан біреу зардап шегетін болса, жауапты тұлғаларға жаза қолданылмақ.

Евгения Иванова, Өскемен қаласының тұрғыны:

Өте қауіпті, қорқамыз. Дүкенге бару үшін алдымен төбемізге қарап алатын болдық. Немесе жылдам жүгіріп өтуге тырысамыз.