Табиғаттың тосын мінезі ақтөбеліктер үшін бірқатар қолайсыздықтар туғызып отыр. Көліктер омбы қарға батып, діттеген жеріне жете алмай әуреге түсуде. Коммуналдық мекемелер де қарды тазартуға барлық техника мен жұмысшыларын жұмылдырды. Көшелер дер уақытында қардан аршылғанымен, ақ ұлпа жолды қайта басып тастап жатыр. Ауа райын болжаушылар Ақтөбеде әлі екі-үш күн толассыз қар жауады деп отыр.