Ішкі Істер министрлігі автокресло орнатуды шегере тұруға қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішкі Істер министрлігі автокресло орнатуды шегере тұруға қарсы шықты

Ішкі Істер министрлігі автокресло орнатуды шегере тұруға қарсы шықты

Ішкі Істер министрлігі  көліктерге автоорындық орнатуды міндеттейтін талапты кейінге қалдырудан бас тартты.  Полицейлер егер арнайы қондырғы қойылмаса, жол апаты салдарынан бала өлімі  көбейіп кетеді деп отыр.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 196
Фото - Caravan.kz

Жақында депутаттар өздері қабылдап жіберген атышулы  «Жол қозғалысы ережелері» туралы заңға қайта қарсы шығып, автоорындықты орнатуды кемі 1 жылға шегере тұруды ұсынған еді. Тіпті қателіктерін кеш түсінген халық қалаулылары арнайы  орындыққа баланы 12 емес, 6 жасқа дейін отырғызуды өтінген еді. Алайда Ішкі істер министрлігі 7 қаңтарда күшіне еніп кеткен  заңды өзгертуге үзілді-кесілді қарсы шығып отыр. Тек автоорындығы жоқ жүргізушілерді жазаламай қоя тұруға уәде етуде. Алайда онысы да орындалып жатқан жоқ.