Еуразиялық Одақпен алыс-беріс жасауға 30 ел ниет білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық Одақпен алыс-беріс жасауға 30 ел ниет білдірді

Еуразиялық Одақпен алыс-беріс жасауға 30 ел ниет білдірді

Шенеуніктер жұмыс істей бастағанына бар болғаны 20 күн болған Еуразиялық Экономикалық Одақтың тиімділігін айтып мақтай бастады. Бұлай сөйлеуіне ұйыммен  әлемнің 30 елі алыс-беріс жасауға келіскені себеп екен. Жүздеген миллион тұрғыны бар мемлекеттер  Қазақстан, Ресей,  Беларусьпен еркін сауда аймағын құруға аса ынтық болып отыр.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 242
Фото - Caravan.kz

Тимур Жақсылықов, Ұлттық экономика вице-министрі:

Еркін сауда  аймағы дегеніміз — шет мемлекеттерге ішкі нарығымызды айқара ашу. Есесіне экономикалық шартқа қол қойған  елдерден жеңілдіктер аламыз.  Қазір Вьетнаммен сондай келісім жүріп жатыр.  Жылдың бірінші  жартысында ортақ шешімге келеміз деп жоспарлап отырмыз.

Вьетнамнан бөлек Үндістан, Түркия, Индонезия, Пәкістан, Перу, Чили, Тунис  мен Жаңа Зеландия сынды елдер Еуразиялық экономикалық одақпен тікелей жұмыс істеуге тым құштар екен. Бұл мемлекеттер, алыста болса да  «бірлесіп сауда-саттық жасайық»  деп өтініш білдіріпті.  Мұны естіген біздің шенеуніктер: Қазақстанға   Еуропа мен  Азия Тынық мұхиты аймағымен бірлесіп  алып бизнес-алаңын құруға мүмкіндік туды дейді.