Вашингтон және оның одақтастары Ресейді оқшауландырып, оның экономикасына залал келтіре алды.
Президент атап өткендей, Америка әлемде өз ұстанымын және күшін жемісті көрсете алды.
"Ресейлік агрессияға қарсыласып, украиналық демократияны қолдау арқылы біз “ірі елдер кіші елдерді қорқыта алмайды”, деген қағиданың мығымдығын дәлелдедік”, деді Б.Обама.
"Былтыр біз санкциялар енгізгенде, күрделі жұмыстар жүргізгенде “Путин мырзаның агрессиясы — шеберлі стратегия мен күштің мысалы”, деген еді кейбіреулер. Бірақ бүгінгі күнде Америка күшті, ол одақтастарымен бірге, ал Ресей оқшау қалып отыр, оның экономикасы шашырауда”, деді Б.Обама.
Басқа сыртқы саяси жағдайға тоқтала келе Обама 2015 жылы Кубамен арадағы жағдайды қалыпқа келтіру керек, деп айтты. "Кубаға келер болсақ, 50 жыл бойына жүргізілген саясатты өзгерту керек”, деді ол. Кубаға қарсы саудалық эмбаргоны алып тастауға кірісу керек, деді ол.
Обама сонымен қатар Иранға қатысты жаңа санкциялардың мәні жоқ, деп айтты.
Сондай-ақ Обама америкалық Конгрестен “Ислам мемлекеті” террористік тобына қарсы күресте әскери күш қолдануды мақұлдауларын сұрады.