Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен хабарланды.
«Комиссияны инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Жеңіс Қасымбек басқарды. Оның құрамына ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Дәулет Арғандықов, Бас көлік прокуроры Ыбырай Тілеуғалиев, ҚР ІІМ, Жамбыл облысының әкімдігі және басқа мемлекеттік органдар өкілдері кірді», — делінген ведомство мәліметінде.
Қазіргі уақытта комиссия апатқа ұшырау себептерін анықтау бойынша жұмыстарға кірісті.
Айта кетейік, АН-2 әуе кемесі, тіркеу нөмірі UP-A0314 (сериялық № 1Г14970) 2009 жылы 28 тамызында Мемлекеттік реестрге енгізілді. Әуе кемесінің меншік иесі — «OLIMP AIR» ӘК. Ұшақ 1973 жылдың тамызында шығарылған.
ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің инспекторларымен әуе кемесінің сертификациялық тексерісі 2014 жылдың маусымында өткізілді. Тексеріс қорытындылары бойынша әуе кемесіне кейінгі ұшуларға рұқсат берілді. АН-2 әуе кемесінің ұшу жарамдығы сертификаты 2015 жылдың 10 маусымына дейін берілген. Компанияның авиациялық жұмыстарды жүргізуге рұқсат беру сертификаты 2017 жылдың 26 желтоқсанына дейін жарамды.
