Аляқтық жасаған Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары сотталды - Шымкент - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аляқтық жасаған Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары сотталды - Шымкент

Аляқтық жасаған Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары сотталды - Шымкент

 Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы орталық стадион директорының орынбасары алаяқтық жасап сотталды, деп хабарлады ОҚО облыстық сотының баспасөз қызметінен. 

  • 21 Қаңтар 2015
  • 944
Фото - Caravan.kz


Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы Б.Кунанбаев Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 177-бабының 3-бөлігінің «б» тармағымен кінәлі деп танылып, оған осы баппен 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. ҚР ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған жазаны шартты деп есептеп, 2 жыл сынақ мерзімі белгіленді.

2012 жылғы желтоқсанда, Шымкент қаласы, Мәделі қожа көшесіндегі Қажымұқан атындағы орталық стадионына тергеуде аты-жөні толық анықталмаған адам жәбірленуші П.Сапаровамен бірге келіп, оны Б.Кунанбаевпен таныстырған. Сол жерде сотталушы мен аты-жөні анықталғаман адам алдын ала сөз байласуы бойынша ірі мөлшерде алаяқтық жасау мақсатымен жәбірленушіге 1 айда Шымкент қаласындағы балабақшаның біріне меңгеруші ретінде жұмысқа орналастыратынын, сол үшін 15.000 АҚШ доллары керек екенін айтқан.
Жәбірленуші П.Сапарова сол мақсат үшін «Каspi Вank» АҚ-ның ШФ-нан 15.000 АҚШ доллар немесе 2.265.000 теңгені несиеге алған.

Алданып қалмауы үшін ол бұл ақшаны нотариус арқылы беретінін айтып, 26.12.2012 жылы Б.Кунанбаев екеуінің арасында қарыз келісім-шартын түзген. Алайда, сотталушы Б.Кунанбаев пен белгісіз тұлға уәдеде тұрмай, жәбірленушіні жұмысқа орналастырмаған. Алған ақшаны да қайтармай, өз пайдасына жаратқан. Жәбірленуші П.Сапароваға 2.256.300 теңге мөлшерде мүліктік залал келтірді.
Үкім заңды күшіне енді.