«АҚШ-тың әрекетінің ізін ала Солтүстікатланттық альянс конфронтацияға ойысты. Онда әскери және азаматтық желілер бойынша ынтымақтастықты тоқтату туралы саясиландырылған шешім қабылданды, барлық жобалар тоқтатылды», деп С.Лавров бүгін баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
«Бірақ бұл біздің таңдауымыз емес. Біз ешқандай жаңа «қырғи қабақ соғысты» қаламаймыз және оған жол бермейміз», — деп атап өтті ресейлік министр.