Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Әкімдік мәліметіне сәйкес, сәрсенбі күні газ беріле бастады. Газ құбырының ұзындығы 18,6 км, құны — 204 млн теңге.
Газ құбырының құрылысы 2014 жылы мамыр айында басталып, желтоқсан айында барлық құрылыс-құрастыру жұмыстары аяқталды. Қазір Красный Кордон ауылында газбен қамтуға 54 абонент қосылған, бұл жұмыс жалғасуда.