Обама Америка дағдарысты еңсерді деп мәлімдеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама Америка дағдарысты еңсерді деп мәлімдеді

Обама Америка дағдарысты еңсерді деп мәлімдеді

Барак Обама Конгресс алдында кезекті жыл сайынғы жолдауын жария етті. АҚШ президентінің бұл жолғы баяндамасы толықтай ел жағдайына арналыпты.

  • 22 Қаңтар 2015
  • 287
Фото - Caravan.kz

Ақ үй басшысы баяндамасын бірден ел экономикасы қайта нығайған деген жағымды жаңалығымен бастаған. Яғни енді АҚШ-қа дағдарыстан төнер қауіп жоқ көрінеді. Сөзін биылдан бастап, әлеуметтік ахуалды жақсартумен дәлелдемек. Сондай-ақ, президент денсаулық сақтау, иммиграция және Ұлттық қауіпсіздік саласын қайта реформаламақ ниетте екен. Жолдаудың ауқымды бір бөлігін Обама АҚШ-пен араздасып жүрген елдерге де арнапты. Оған қарағанда, ресми Вашингтон барлығымен бейбіт келісім жасап көрмек екен. Әсіресе, Кубамен.

Барак Обама, АҚШ Президенті:

— Біз соңғы 10 жылдықта қарқынды экономикалық өсімге қол жеткіздік. Тапшылық үштен екі есеге төмендеді. Қаржы қоры екі есеге ұлғайды. Сондықтан енді АҚШ экономикасына дағдарыстан төнер қауіп жоқ.