Бұл алаңқай тұрмысы төмен тап балаларының жалғыз ойын алаңы екен. Оқушылар мұнда доп теуіп қана қоймай, дене шынықтыру сабағын да өтіп келген. Алайда жергілікті шенеуніктердің бірі балалардан оны тартып алып, құрылыс жұмыстарын бастап кеткен екен. Айғай-шуға жетіп келген полицейлер балаларға көзден жас ағызатын газ атқылап, алаңнан қуып шықпақ болды. Тіпті, аспанға оқ жаудырып та көрді. Десе де, ашуға мінген оқушылар қойылған қоршауды бұзып, спорт алаңдарын қайтарып алды.