Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға келді

Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін Швейцарияға келді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Дүниежүзілік экономикалық форумға қатысу үшін жұмыс сапарымен Швейцария Конфедерациясына келді, деп хабарлады primeminister.kz сайты.

  • 22 Қаңтар 2015
  • 431
Фото - Caravan.kz

Сапар ауқымында Қазақстан Премьер-Министрінің бірқатар мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың және ірі шетелдік компаниялардың басшыларымен кездесулері жоспарланған.

Атап айтқанда, Кәрім Мәсімовтің Руанда Республикасының Президенті Пол Кагаммен кездесуі болды, онда екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында Кәрім Мәсімов Қазақстанның БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдар ауқымында африкандық мемлекеттермен тығыз ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.