Өздерінің таныстырылымы барысында БҰҰ шенеуніктері 2015 жылдың алғашқы алты айында Эболамен күреске 1,5 млрд. доллар қаражат қажеттігін алға тартып, әлемдік қоғамдастықты көмекке шақырды. БҰҰ өкілдері донорлар бұл қажеттілікке үн қатып, тиісті қаражатты ұсынатындығына сенімдерін білдірді.
Халықаралық шенеуніктер 2014 жылы вируспен күрес бағдарламасын қаржыландыру індет ең көп тараған үш елде (Гвинея, Либерия және Сьерра-Леоне) Эболаға ұшыраудың жаңа оқиғалары төмендегеніне сендірді. Өткен жылы бұл мақсатқа 500 млн. долларға тарта қаржы жиналған болатын.
Біріккен Ұлттар Ұйымы соңғы кездерде вирус жұқтырғандардың саны төмендеуінің оң серпінін атап өтуде. Эбола індетінің Батыс Африкаға таралуына жол берілген жоқ.
«Аурудың айналасын жалмап таралуы бәсеңдеді, індет кейін шегіне бастады», — деп атап өтті Дэвид Набарро.
Белгілі болғандай, аурудың таралуы 2013 жылғы желтоқсанда Гвинеяда Эболадан көз жұмған баладан басталды. Ол кезде әлі де анықталмаған індет 3 айдың ішінде көптеген таралу буындары арқылы қалаларға және ауылдық жерлерге жайылды.
Алғашқы кезде ауруға қате диагноз қойылды, 2014 жылғы 21 наурызда ғана оны қоздыратын Эбола вирусы Гвинеяда терең тамыр жайып, бүкіл африкалық құрлыққа тез тарай бастағаны анықталды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының соңғы мәліметтері бойынша, Эбола вирусының құрбандары 8,6 мың адамға жеткен. Оны жұқтырғандар мен мерт болғандардың бәрі Либерия, Гвинея және Сьерра-Леоне елдерінде болды.