Microsoft: Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Microsoft: Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Microsoft: Windows 10 операциялық жүйенің алдыңғы нұсқаларын пайдаланушыларға тегін болады

Microsoft-тың Windows 10 операциялық жүйесі (ОЖ) Windows 7, Windows 8 және Windows 8.1. сынды алдыңғы нұсқаларды қолданып келген адамдарға бір жыл көлемінде тегін болады, деп жазады rosbalt.ru.

  • 22 Қаңтар 2015
  • 428
Фото - Caravan.kz

Жаңа ОЖ АҚШ-тың Редмонд қаласында орналасқан Microsoft компаниясының штаб-пәтерінде таныстырылды.

Айта кетейік, біз бұған дейін Microsoft-тың ғаламторда жаңа іздеуші жүйе — Spartan браузерінің таныстырылымы болғанын хабарлағанбыз. Бұл бағдарлама Windows 10-ның құрамында болады.

Компания өкілі Майерсонның хабарлауынша, олар нарықта беделі түсіп бара жатқан Internet Explorer-ді жаңғыртқаннан гөрі жаңа браузер ойлап тапқан дұрыс деген шешімге келген. Сол себепті Chrome және Firefox-ке ұқсас, жылдам әрі жеңіл жұмыс жасайтын Spartan-ды қолданысқа шығарған.

Windows 10-ның жетілдірілген соңғы нұсқасы 2015 жылы сатылымға шығады.