Алматыдағы шаралардың бірінде африкалық домбырамен «Адай» күйін тартып, атақты әнді қазақ тілінде орындап берді. Шетелдік жігіт достары оған Мұсабек есімін бергенін айтты.
Мозес Зибо Қазақстанға Африканың батыс жағындағы Ганадан келген. Жас жігіттің қазақ тілі мен қазақтың халық әндеріне құрметі ерекше. Ол тілді меңгеріп, кейін домбыра тартуды үйренген, деп жазады Нур.кз порталы.