«Базар жоқ алаңында» әр жексенбі сайын күлкіден дода. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген әзілкештер түрлі әзілдер айтып, Тұрсынбекті күлдіре алмай әлек. Әдемі әзіл айтылған күні Қабатов іріктеуді тоқтатып, жеңімпазды «жұлдыз» етпек. Бұл қызықты жобаны КТК-да әр жексенбіде сағат 22:45-те көре аласыздар. Тұрсынбекпен бірге күлкі төресін сіз де анықтаңыз! Атақты әнші Нұрлан Албан кімді іздейді? Белгілі күйші Асылбек Еңсепов қай елде өмір сүріп жүр? Жұлдыздар жасырған құпияларды осы жұмада сағат 19-45-те, «Жұлдызды ақиқат» бағдарламасы жайып салмақ. Сериал сүйер қауымды да осы демалыста бір тосын жайт күтіп тұр. Қос ғашық — Махир мен Фериденің сезімдеріне селкеу түсуі мүмкін. Ендеші, сенбі-жексенбі күндері сағат 19-40 басталатын «Қарадайы» телехикаясын да жіберіп алмаңыздар.