АН-2 ұшағы апатынан тірі қалған Әсем Шаяхметова сұмдық оқиғаның қалай болғанын айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АН-2 ұшағы апатынан  тірі қалған Әсем Шаяхметова сұмдық оқиғаның қалай болғанын айтып берді

АН-2 ұшағы апатынан тірі қалған Әсем Шаяхметова сұмдық оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Жамбыл облысында Ан-2 апатынан жалғыз тірі қалған «Қазақмыс» компаниясының бас геологы  Әсем Шаяхметова есін жиып сұмдық оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Тілге келген ол  сұмдық апатты әке-шешесіне толық баяндапты. Айтуынша, ұшақ құлағанда қардың астына көміліп қалған екен. Соған қарамастан күлдің арасынан  ұшқыштың  телефонын тауып құтқарушыларға хабар беріп үлгерген. Айдалада үскірік аязда қатты тоңғандықтан әріптестерінің өлі денесін құшақтап жылынып отырыпты. Айтқандай, олардың қазақ тапқанын Әсемге әлі естіртпеген. Ал зардап шегуші бүгін Шудан Астанаға жеткізілді.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 407
Фото - Caravan.kz

Боранға байланысты Шу қаласына асқан қиындықпен жеткен дәрігерлер тобы Әсем Шаяхметованы санитарлық авиацияға  отыруға әзер көндіріпті. Себебі қатты қорқып қалған. Әйтеуір, келісімін алып  таңда тікұшақпен  Астанадағы  ауруханаға жеткізді. Елорданың ең таңдаулы ақ халаттылары миы шайқалып, ауыр жарақаттар алып, сан сүйектері сынған Әсемге алғашқы операция жасап үлгерді.

Нұржан Естемесов, Астана қалалық №1 аурухананың травматологы:

-Ашық сынық болған сол жақ сан сүйегі мен оң жақ сирақ сүйегіне хирургиялық өңдеу операциясы жасалды.  Сынған сүйектерін жинап, металлоконструкциямен бекіту операциясы да жасалады. Гипссіз.Гипс салынбайды. Жаңа технология бойынша жасалатын операциялар.

Дәрігерлер Әсемнің қос аяғын кеспей сақтап қалуға болады деп отыр. Ал Ан-2 ұшағы құлағанда 29 жастағы «Қазақмыс» компаниясына қарасты "Жезқазған түсті меттің" бас геологы нағыз ерлік танытқан. Шашылып жатқан мүрделер арасынан ұшқыштың ұялы телефонын тауып алып  құтқарушыларға хабар береді. 1 метр тереңдік болатын қарға көміліп, өлім мен өмірдің арасында жатқан қызды құтқарушылар әзер тауып  1,5 сағаттан соң көмекке келіпті. Жантүршігерлік жайттарды Әсем Семейден шығып, одан   Шуға жетіп бүгін   Астанаға дереу келген ата-анасына айтып берген.

Әмірхан Какоков, Әсем Шаяхметованың әкесі:

-Қарға көмілген Әсем аяғы сынық болса да, оны  өзі қазып шыққан.  Ал құтқарушыларға хабарласса, «даусыңыз естілмейді»»алыстамаңыз»  деп айтқан. Әйтеуір  құтқарушылар Әсемді ұялы телефон арқылы тапқан.  Әйтпесе, қараңғыда далада қалар еді. Әбден тоңған. Жанындағы әріптестерінің  өлгенін білмеген.  Бірінің  жылы денесін тірі деп ойлап құшақтап отырған.Тапқан соң ұшақтың қанатына отырғызған.  Алып кетпек болғанымен  жол болмай құтқарушылар  біраз қиналған.

Көңілі алаң ата-ана көрер жарығы бар бауыр еті баласының  кішкентайынын өте өжет боп өскенін айтады. Еңбектен қашпаған ол  Қатонқарағай ауданында тұрса да, басқа қалаға барып жұмыс істеуден қашпайтын еді дейд анасы.. Енді екі баланың кішісі  тұрмыс құрып үлгермеген жалғыз қыздары  Әсемге ем қонып, аяғына тік тұрып кетуін тілеп қана  отыр.


Ақгүл Какокова,  Әсем Шаяхметованың анасы:

— Мама я в рубашке родилась деді. Құдай сақтап аман қалды.   Қалған марқұмдардың отбасына көңіл айтамын. Әсем жазылмайынша, Астанада қасында боламыз.

Ал АН-2 апатынан  қаза тапқан 3  ұшқыш пен «Қазақмыс» корпорациясының техникалық департаменті директоры Ғабит Төлеубаевтың денелері  Қарағандыға әкелінді. Ал  бас механик Ербол Ыбыраев пен "Балқаш түсті меттің" бөлім бастығы Ұлбазар Есмағамбетованың мәйіттері Қызылорда мен Жезқазған қалаларына жөнелтілген.

Ал апаттан жалғыз тірі қалған Әсем Шаяхметованы  Астанада әлі бірнеше операция күтіп тұр. Зардап шегуші ата-анасына  сондай-ақ, ұшақтың тұманнан адасып барып құлағанын айтыпты. Ал  6 адамның өмірін қиған Ан-2-ні "Қазақмыс" корпорациясына  жалға берген  Қарағандыдағы "Олимп Эйр" компаниясын қазір прокурорлар тергеп жатыр. Әзірше, қылмыстық іс дерек бойынша қозғалған.