Жамбыл облысында болған ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында болған ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңге бөлінеді

Жамбыл облысында болған ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңге бөлінеді

 Қарағанды облысының әкімдігі Жамбыл облысында болған ұшақ апатынан көз жұмғандардың отбасыларына 1 млн теңгеден бөлетін болды.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 415
Фото - Caravan.kz


Қаражат бюджеттен тыс қаржы көздерінен алынады. Бұл туралы е облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қаза тапқандардың алтауы да Қарағанды мен Жезқазғанның тұрғындары. Олардың қазасы бәрімізге ортақ. Әкімдік марқұмдардың отбасыларына материалдық және басқа да көмек түрлерін көрсетіп жатыр. Аймақ билігі әр отбасына материалдық көмек ретінде бір миллион теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар, «Қазақмыс» корпорациясы апаттан көз жұмған қызметкерлерінің отбасыларына 10 айлық жалақы көлемінде қаржы аударады.
«Олимп Эйр» ЖШС-не тиесілі ұшақ сейсенбі күні Жамбыл облысының Шатыркөл кеніші аумағында апатқа ұшыраған болатын. Бастапқы болжамдар бойынша, ұшақ тұман салдарынан әуежайға қонар кезде апатқа ұшыраған.
Апат кезінде экипаждың үш мүшесі мен «Қазақмыс» компаниясының үш қызметкері қаза тапты. «Балқаштүстіметалл» ӨБ бас геологы Ә.Шаяхметова ауруханаға жеткізілді.