Астана тұрғыны тәулігіне бір тонна қымыз өндіретін құрылғы жасап шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астана тұрғыны тәулігіне бір тонна қымыз өндіретін құрылғы жасап шығарды

Астана тұрғыны тәулігіне бір тонна қымыз өндіретін құрылғы жасап шығарды

Қазақстанда мұнайға баға түскен кезде барша әлемді қымыздың дәмін татып көруге шақырған жөн сияқты.

  • 23 Қаңтар 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz

Осы оймен астаналық өнертанушы Оразбай Нұрғожин емдік қасиеті  мол сусынды өнеркәсіптік өндіруге ыңғайлы қондырғы ойлап тапты. Бұл туралы  «Экспресс К»  газеті жазды. 

Бұл аппаратпен сөрелерде қаптап кеткен Кока-коланың орнын бастатындай мөлшерде қымыз әзірлеуге мүмкіндік бар. Күні бүгінге дейін дәріханалық шыны ыдыста әзірленетін Джон Пембертонның бұл газдалған сусыны күллі  әлемнің шөлін қандыруға қауқарлы деп айтпас едім. Қымызға келсек, сусын бұрынғыша сабамен пісіледі. 

«Кейбір өндірушілер қымыз жасау үшін кір жуатын машинаны пайдаланады, меніңше бұл дұрыс емес, — деді Оразбай Нұрғожин. — бірде мен таныс фермерде қонақта болдым. Сол кезде мен  бұрынғыша қолмен қымыз піскен әйелдерді көрдім. Оларға жаным ашыды. Қазір жиырма бірінші ғасырда өмір сүреміз! Соны естен шығармағанымыз жөн».

Ол әзірлеген құрылғыны үш шаруашылық қожалығы қолдануда. Қымыз пісетін ыдыс ағаштан жасалған. «Сапалы қымыз өндіру үшін ағаш ыдыс қажет, — деді ол. — Қымыз ағаш ыдыста ысталады. Қымызды пісу қолмен піскеннен еш айырмашылығы жоқ. Минутына 37 рет айналады. Бір аппаратпен тәулігіне бір тонна қымыз өндіруге болады».


О. Нұрғожин құрылғыны патенттеген. Оны пайдалану арқылы қазақстандық нарықпен қоса, шетелге экспорттау мәселесін де шешуге болады. Батыс елдері пайдалы асқа ден қойып жатқанын ескерсек, бие сүті олардың сенімдерін  ақтайтыны сөзсіз.