Алматыда бал жәрмеңкесі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бал жәрмеңкесі өтті

Алматыда бал жәрмеңкесі өтті

Алматыда ресейлік Мусихиндер отбасының бал жәрмеңкесі өтуде. Олар елімізде мұндай жәрмеңке өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл жолы да қала тұрғындарына балдың 30-дан астам түрін ұсынуда. Ал, дәмі тіл үйірген тәтті балды сатып алуға алматылықтар ағылып келуде.

  • 24 Қаңтар 2015
  • 450
Фото - Caravan.kz

Мусихиндер жәрмеңкесінің ең басты ерекшелігі сол, қанша көлемде бал сатып алсаңыз, сонша көлемде қосымша сыйлыққа кенелесіз. Тұтынушыларға ұсынылған балдың қай түрі де денсаулыққа өте пайдалы. Мәселен, мына балтозаң араласқан бал асқорыту жүйесі мен жүрек ауруларына, сондай-ақ, қаназдыққа мың да бір ем. Сол секілді қызғылтым бал, ағаш қуы мен жөке ағашының сығындысы араласқан балдардың да емдік қасиеті жоғары. Ал сатып алушылар болса, өте қуанышты.

Ырысты Боранқұлова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жақсы, бірінші рет емес.Бұған дейін де  алғанмын. Мына акция да жақсы, бағасы да жақсы.

Мусихиндердің балын сатып алуға келгендерде есеп жоқ. Дәмін татып көреді де қалағанын қосымша сыйлығымен сатып алады. Айта кетерлігі, Мусихиндер тәтті балдан бөлек, Туланың әйгілі пряниктері мен басқа да тәттілерін қоса әкеліп отыр.


Ольга Кубрина, сатушы:

-Біз Башкирия мен Алтай, Адыгей және басқа да аймақтардан балдың 30-дан астам түрін әкеліп отырмыз. Барлығы да суық тию мен басқа да ауруларға таптырмас шипа. Алматыға жиі келіп тұрамыз. Мұндағы тұтынушылар да бізді асыға күтіп отырады.

Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында бүгін ашылған бал жәрмеңкесі енді 1-ші ақпанға дейін жалғаспақ. Ал балға қызыққан ағайындар таңертең сағат 10-нан кешкі 7-ге дейін келсе болады.