Ақмола облысында 200 студент далада қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақмола облысында 200 студент далада қалды

Ақмола облысында 200 студент далада қалды

Ақмола облысында колледж оқу жылының ортасында аяқ астынан жабылды. «Зерен» деп аталатын жекеменшік оқу ордасының 200-дей шәкірті далада қалды. Ашылғанына 7-ақ жыл болған жаңа білім ошағының не себептен жұмысын тоқтатқаны түсініксіз. Тіпті ешкімге алдын ала ескертілмепті де. Оқытушылары да басшылықтың шешімін ғимараттағы жиһаздарды көшіріп әкетуге келгендерден естіген. Енді педагог және қаржы саласының маманы болуды армандайтын балалар оқуларын қайда барып жалғастырарын білмей отыр.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 305
Фото - Caravan.kz

Колледждің жабылғаны туралы хабар студенттерге әлі түгел  жетпеген. Өйткені көбісі жер-жерде өндірістік тәжірибеде жүр екен. Есікке қара құлып салынғанын көрген оқытушылардың өздері де аң-таң.

Сергей Орлов, колледж оқытушысы:

-Әй-шәй жоқ, жиһаздарды көшіре бастады.Мен айғай-шу шығарып өз кабинетімдегі мүлікті алып қалдым. Бұлары несі? Қаншама жыл еңбек етіп келеміз. 200-дей студент бар, олар адам емес пе? Ескертіп, жағдайды түсіндіріп, бір амалын таппай ма?

Ата-аналар да қолдарына келісім-шарттарын алып осында жетіпті. Бірақ олардың құжаттарына қарамақ түгілі, сөздеріне құлақ асар басшы жоқ. Әсіресе, оқу орнын биыл тәмәмдайтын балаларға қиын болды.

Ирина Проходова, 4 курс студенті:

— Тәжірибе жинауға кеткен едім. Осы хабарды естіп дереу жеттім. Енді қалған 4 айды қайда барып оқимын. Жеке меншік екен деп ойларына келгенін істеу керек пе?

Айқай-шу шыққан жерге «Зерен» колледжінің құрылтайшылары өздерінің өкілдерін ғана жіберіпті. Айтуларынша, оқу орны шәкірт санының аздығынан жабылған.


Валерий Кривошеев, «Көкше» академиясының вице-президенті:

-«Зерен» колледжі студенттер санының аздығына орай тиімсіз деп танылып, оқу процесі тоқтатылсын. Колледж жабылсын.

Бір жылдық оқу ақысы мұнда 80 мың теңге. Бұл соманы түгел төлеп тастағандар да жетерлік. Ашынған ата-аналар енді құзырлы орындардың барлығына шағым жазып жатыр.