Экс-премьер Ахметов өлді деп жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экс-премьер  Ахметов  өлді деп жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды

Экс-премьер Ахметов өлді деп жалған ақпарат таратқан жігіт ұсталды

Экс-премьер Серік Ахметовті әлеуметтік желіде жерлеп, елді дүрліктірген азамат ұсталды. Ол – Жамбыл облысының 25 жастағы тұрғыны екен.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 265
Фото - Caravan.kz

Қаңтардың тоғызы күні әлеуметтік желіде «Серік Ахметов қайтыс болды» деген суыт хабар тараған болатын. Артынша оның қауесет екені белгілі болды. Ал осы жалған ақпарат таратушыны құзырлы орындар екі аптада әзер дегенде тауып отыр. Полицейлердің мәліметінше, Жандос Байшеміров ауылдағы үйінде құрықталған. Серік Нығметұлының өлгені туралы қаралы хабарды Вконтакте желісінде «Руслан Маекеев» — деген бүркеншік есімімен таратқаны да анықталды. Оның не үшін мұндай әрекетке барғаны әзірше белгісіз. Қазір ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылып, қылмыстық іс тергеліп жатыр.