Шығыста -40 градус аяз орнады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыста -40 градус аяз орнады

Шығыста -40 градус аяз орнады

Еліміздің шығысын сарышұнақ аяз әлекке салуда. Өңірде сынап бағамы бірден - 40 градусқа дейін төмендеді. Осыған байланысты бүгін Семейдің мектептерінде сабақ тоқтады. Қалааралық қоғамдық көліктер де жүрмей жатыр. Тозығы жеткен құбырлар да аязға шыдас бермей жарылуда. Салдарынан көп қабатты үй жылусыз қалып, көшелерді су басқан.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 454
Фото - Caravan.kz

Семейді үш күннен бері қытымыр аяз қыспаққа алды. Сынап бағамы түнде -40-ты көрсетсе, күндіз -35 градустан тапжылар емес. Аязға шыдамаған құбырлар жарылып, Юность ықшамауданындағы көшелер көлге айналған.

Ал мына көпқабатты үйдің жылу жүйесіндегі суды әлдекім ағызып жіберген. Салдарынан ғимарат жылусыз қалды.

Назгүл Жақыпбекова, Семей қалалық тұрғынүй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің инспекторы:

-Құбырдағы кранды ашқан азамат осылайша үйді жылытамын деп ойлаған. Алайда ойы жүзеге аспады. Коммуналшылар дер кезінде оны жауып, суды тоқтатты.

Қазір қаладағы автобекеттен ауыл- аймаққа қоғамдық көлік қатынасы тоқтады. Бір жағынан аязда автобустар істен шығып жатса, суық күндері қоғамдық көлікке билет алатын адамдар да күрт азайған.

Зүлфира Кәрібаева, автобекет кассирі:

-Үлгілі малшы, Курчатов, Аухади сияқты бағыттарға қатынас тоқтатылды. Жолаушылар да көп емес.

-Шығыстағы сарышұнақ аяз салдарынан барлық мектептерде сабақ тоқтатылды. Қалааралық жолдар ашық болғанымен, төтенше жағдайлар қызметі автокөлік иелеріне алыс сапарға шықпауға кеңес беруде. Өңірде аяздың беті тек келесі жұмада қайтады –деген болжам бар.