Обама алғаш рет Үндістанның Республика күні мерекесіне қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Обама алғаш рет Үндістанның Республика күні мерекесіне қатысты

Обама алғаш рет Үндістанның Республика күні мерекесіне қатысты

АҚШ президенті Барак Обама алғаш рет Делидегі Республика күнін мерекелеуге қатысты. Мемлекет басшысын Үндістанның премьер-министрі Нарендра Моди қарсы алды.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 395
Фото - Caravan.kz

Сарапшылардың есептеуінше, американдық президенттің сапары Вашингтон мен Дели арасындағы байланыстардың айтарлықтай нығайғанын көрсетуде.

Жексенбі күні Моди мен Обама бейбіт атом саласында ынтымақтастық келісімі туралы хабарлады. Талдаушылар осыны ондаған жылдардағы баяу жүрген келіссөздерден кейінгі ілгерілеушілік деп таныды.

Делиде өткен баспасөз мәслихатынан кейін екі саясаткер тілшілерді екіжақты сауда мен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты қарқындату үшін жұмыс істейтіндеріне сендірді.