Франция азаматшасы жалған айып таққаны үшін Мексиканың бұрынғы президентін сотқа берді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Франция азаматшасы жалған айып таққаны үшін Мексиканың бұрынғы президентін сотқа берді

Франция азаматшасы жалған айып таққаны үшін Мексиканың бұрынғы президентін сотқа берді

Франция азаматшасы  Флоранс Кассе  адам ұрлауға қатыстылығы бойынша айып тағылып, түрмеде өткізген күндері үшін Мексиканың бұрынғы президенті Фелипе Кальдерон мен латын-америкалық елдің бірқатар басқа да бұрынғы басшыларына қарсы талап арыз берді.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 358
Фото - Caravan.kz

Кассе 2008 жылы  адам ұрлау, ұйымдасқан қылмыстық топпен, есірткі мафиясымен сыбайлас болғаны үшін 96 жылға бас бостандығынан айырылған. 2011 жылы ісі қайта қаралып, оның мерзімі 60 жылға қысқартылды. Кейіннен істі қайта қарау барысында Мексиканың жоғарғы соты қылмыс құрбандары тарапынан Кассеге қарсы куәлерді негізсіз, заңға қайшы таныды. Сот Кассенің конституциялық құқығы бұзылғанымен келісті. Екі жыл бұрын ол босатылып, еліне қайтарылған.

Енді әйел моральдық шығын келтіргені үшін 36 миллион доллар талап етіп отыр, деп атап өтеді «Univision арнасы».