Алматыда бейнебақылау жүйесінің көмегімен өткен жылы 51 қылмыс ашылған - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бейнебақылау жүйесінің көмегімен өткен жылы 51 қылмыс ашылған

Алматыда бейнебақылау жүйесінің көмегімен өткен жылы 51 қылмыс ашылған

Алматыда бейнебақылау жүйесінің көмегімен 2014 жылы 51 қылмыс ашылып, 32 356 құқықбұзушылық дерегі әшкереленген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

  • 27 Қаңтар 2015
  • 372
Фото - Caravan.kz

Қазіргі таңда қалада әр түрлі меншіктегі нысандарда 32 мың бейнебақылау камералары орнатылып, 1 726 үй «Қауіпсіз аула» бейнебақылау жүйесімен қамтылған.

Ал 930 ауладағы 8,5 мыңға жуық камералар қала тыныштығын сақтауға көмектеседі.  

«Арнайы сараптама аталған жүйенің қаладағы қылмыстылықтың санын азайтуға септігін тигізетінін көрсетті. 2014 жылы камералардың көмегімен 51 қылмыс, 32 356 құқықбұзушылық ашылды», — делінген хабарламада.

ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, қалалық әкімдік бейнебақылау жүйесімен өзге де аудандарды қамтуды кезең-кезеңімен жүзеге асырмақ.