АҚШ-та Орталық барлау басқармасының қызметкері құпия деректерді таратқаны үшін айыпты болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та Орталық барлау басқармасының қызметкері құпия деректерді таратқаны үшін айыпты болды

АҚШ-та Орталық барлау басқармасының қызметкері құпия деректерді таратқаны үшін айыпты болды

АҚШ-та сот бұрынғы ОББ қызметкерін Иранға қарсы операция жайлы құпия ақпаратты жария еткені үшін айыпты деп таныды, деп хабарлады ВВС. 

  • 27 Қаңтар 2015
  • 360
Фото - Caravan.kz

Прокуратура деректеріне сүйенсек, Джеффри Стерлинг «New York Times» газетінде Иранға ядролық қару дайындау үшін жалған материалдар бермек болған операцияның егжей-тегжейін хабарлап қана қоймай, ОББ-ның басқа қызметкерлерінің өміріне де қауіп төндірген.

Бұл операция туралы ақпарат 2006 жылы газет репортері Джеймс Райзеннің кітабында жарық көрген. Ол кезде журналист бұл ақпаратты қайдан білгендігін айтудан бас тартқан.