екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту келешегін талқылады. Бұл туралы Қазақстан СІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Д.Батырашев пен М.Дарабан екі ел арасында экономикалық байланыс орнату мүмкіндіктерінің молдығын, бірақ, оның пайдаланылмай отырғанын атап өтісті. Айтуларынша, туризм, ауыл шаруашылығы, көлік-тасымал саласында ынтымақтастық орнатып, екі ел арасындағы тауар айналымын арттыруға болады.
«М.Дарабан Қазақстанға Констанца теңіз портындағы терминалдарды пайдалану мүмкіндіктерін қарастыруды ұсынды», — делінген хабарламада.
Келісім бойынша биыл Сыртқы сауда палатасы төрағасы Сабыр Есімбеков екі ел іскерлері арасында тікелей байланыстар орнату үшін Бухарестке баратын болды. Сонымен қатар тараптар Қазақстан-Румыния бизнес-форумын өткізу жөнінде келісті.