Дәрігерлер жылына ұсақ магниттерді жұтып қойған ондаған балаға операция жасайды.
«Мұндай оқиғалар тек Мәскеуде ғана емес, бүкіл Ресейде болып жатады. Бізге барлық өңірлерден хабарласып, ақыл беруімізді, тәжірибемізбен бөлісуді сұрайтындар көп», — делінген аталған ҒЗИ бас дәрігерінің мәлімдемесінде.
Хирургтердің айтуынша, шағын ғана пластик зат баланың денесінен табиғи жолмен шығып кетеді. Егер бүлдіршін пластиктен жасалған үлкендеу затты жұтып қойған болса дәрігерлер оны гастроскопияның көмегімен алып тастайды.
«Бірақ, магнитке қатысты нәрсенің бәрі өте қауіпті», — дейді маман.
Домалақ магниттерді 1 мен 10 жас аралығындағы балалар жұтатын көрінеді.
«Көбіне ата-аналар магнит ойыншықты үлкен баласына сатып әпереді. Бірақ, онымен ненің болса да дәмін татып көргісі келетін сәби де «ойнайды». Кейде ересек балалар да ойнап жүріп аузына салған магнитті жұтып қойып жатады. Сондықтан дәрігерлер баласы бар үйге магнит сатып алмауды сұрайды», — делінген хабарламада.
Жалпы, «неокуб» ойыншығының қауіптілігі жайлы мәліметтер әлеуметтік желілерде жиі жарияланып жүр. Шағын болса да бала өміріне қауіп төндіретін домалақ магниттерді жұтқан бүлдіршіндерге күрделі операция жасауға тура келеді.