«Метрополитен бекеттерінің жанында орналасқан аялдамаға дейін тасымалдайтын автобустардың, трамвайлардың және троллейбустардың маршрут нөмірлері көрсетілген. Карта пішіні өте ыңғайлы жасалған, оны қалтада немесе сөмкеде алып жүруге болады», — делінген хабарламада.
Карта Алматы қаласы тұрғындарының және қонақтарының бағдарлауын жеңілдету үшін шығарылған. Карталарды метрополитен кассаларынан тегін алуға болады.