Түріміз, тіліміз басқа болғанмен жүрегіміз «Қазақстан» деп соғады - Афрайль Юсупов - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түріміз, тіліміз басқа болғанмен жүрегіміз «Қазақстан» деп соғады - Афрайль Юсупов

Түріміз, тіліміз басқа болғанмен жүрегіміз «Қазақстан» деп соғады - Афрайль Юсупов

 Жаңақорған ауданында бүгінде қазақтардан өзге 17 ұлттың өкілі турады. Мұндағы қазақ халқымен біте қайнасып кеткен қай ұлт өкілімен тілдессеңіз де қазақ тіліне шорқақтық танытпайды. 

  • 27 Қаңтар 2015
  • 288
Фото - Caravan.kz

Керісінше, мақалдап, астарлап сөйлегенде кейбір қазақтарды далада қалдырады. Сондай жандардың бірі — Юсупов Афрайль Шамилович. Ұлты — түрік. 1941 жылы Грузия ССР-нің Адигер ауданында дүниеге келген Афрайль 1944 жылы ата-анасымен сыр өңіріне жер аударылып келген. 1948 жылы кент орталығындағы №169 орта мектепке қабылданып, 1958 жылы бітірген. Ол Қызылорда құрылыс училищесінде, кейін Мәскеу қаласындағы көркемсурет университетінде оқыған. Еңбек жолын 1970 жылдан бастаған ол бүгінге дейін мектептерде «сурет-сызу» пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеп келді. Ал бүгінде зейнеткер ұстаз.

«Біз ешқашан ұлтқа бөлінбейміз. Себебі, қиын қыстау кезеңде бауырына басып, бір нанды бөліп жеп, бір көжені бөліп ішкен қазақтарға деген алғысымыз шексіз. Осында ер жеттім, білім алдым, отбасын құрдым. Еш қиыншылық көрмедік. Сондықтан да түріміз бен тіліміз басқа болғанмен жүрегіміз «Қазақстан» деп соғады дейді», — дейді Афрайль Шамилович.

Айта кетейік, қолы бос уақытында сурет салумен айналысатын Афрайльдың бүгінде 200-ден астам туындылары бар. Олардың кейбірі өзге елдердің көрмелеріне қойылса, кейбірі облыстық, республикалық байқаудың жүлделерін иемденген.


2 3