Кенесары ханның бас сүйегін Омбыдан іздеу керек - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кенесары ханның бас сүйегін Омбыдан іздеу керек

Кенесары ханның бас сүйегін Омбыдан іздеу керек

Кенесарының бас сүйегін Омбыдан іздеу керек.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 545
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, т.ғ.д., профессор, «Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты» РМҚК директоры Хангелді Әбжанов мәлім етті. 

«Кенесары бабамыздың басын қайтару — маңызды мәселе. Қазір біздің институт мемлекеттік қолдау аясында осы мәселе бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Соңғы пікір — Кенесарының басы Мәскеуден де, Петербордан да табылмайтын сияқты. Ең қымбат дүниелерді сақтайтын мемлекеттік қорғау қызметі жұмыс істейді. Кенесары ханның басы сол жерде болуы мүмкін деген болжам бар. Сондықтан, Кенесары ханның басын Батыс Сібірден, Омбыдан іздеу керек деген тағы бір байламға келіп отырмыз»,-дейді ғалым. 

Осы орайда Х. Әбжанов бас сүйекті іздестіру жүріп жатқандығын, биыл осы мәселе бойынша Петербор , Омбы және Томск мұражайларына ғылыми сапарлар болғандығын атап өтті. 


«Дерек бар, бірақ бас сүйек жоқ. Атап айтқанда биыл да, жалпы алдағы уақытта да іздеу жұмыстары аяқталмайды. Нақты деректер табылып жатса, сүйінші хабар бізден болсын»,-деп түйді ол.