2014 жылы жол апаты салдарынан 2,5 мыңнан аса адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2014 жылы жол апаты салдарынан 2,5 мыңнан аса адам қаза болды

2014 жылы жол апаты салдарынан 2,5 мыңнан аса адам қаза болды

Қазақстанда 2014 жылы 20,4 мың жол апаты болды,

  • 27 Қаңтар 2015
  • 933
Фото - Caravan.kz


онда 28,5 мыңнан аса адам қаза болып, жарақат алды, деп хабарлады Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің баспасөз қызметінен.
Сейсенбіде ведомстводан таралған ақпаратқа қарағанда, жол апатында қаза болған 2585 адамның 232-і кәмілеттік жасқа толмағандар.
"Жол апатынан қаза болғандардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген – 468, Оңтүстік Қазақстан облысында – 432, Қарағандыда– 210, Жамбылда – 203".
Апат ең көп болатын орын- Алматы жолдары, онда 5588 жол апаты болған, Оңтүстік Қазақстан облысында – 3370, Алматы облысында – 1834, Шығыс Қазақстан облысында – 1 463 және Жамбылда–1293.
Статистика көрсетіп отырғандай, жол апатының себептері өзгермейді.Жол апатының басым бөлігі жүргізушілердің Жол жүру ережелерін бұзғандығынан, мәселен, жүргізушілердің кінәсі салдарынан 18923 апат болған.
"Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда оқиғалар саны 14% азайған, онда қаза болғандар саны 15% кеміген, бұл жоспарлы профилактикалық жұмыстың нәтижесі”, деп атап өтті баспасөз қызметінен.