Қазақстан кәсіпкерлер ұлттық палатасы міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін азайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан кәсіпкерлер ұлттық палатасы міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін азайтты

Қазақстан кәсіпкерлер ұлттық палатасы "Атамекен" орта және ірі бизнес үшін міндетті мүшелік жарнаның мөлшерін азайтты.
Мұндай шешім сейсенбіде палатаның съезінде хабарланды, делінген республика премьер-министрінің сайтында.
"Негізгі санатқа жарна төлеу кезінде жүктемені азайтуға мүмкіндік беретін қосалқы төрт санат енгізіліп отыр.Бірінші санат бойынша барлығы үшін төменгі деңгей 8 млн 148 мың теңге болатын, ол 80% азайтылды.Бүгінгі күнде төменгі деңгей 1 млн теңгеден сәл асады. Демек, жиынтықты айналым ақшасы 2,7 млрд теңгеден асатындар 1 млн теңге төлей бастайды", деп түсіндірді ұлттық палата басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов, оның сөздері сол хабарламада келтірілген.
Жиынтықты жылдық айналымы 10 млрд теңгеден асатын кәсіпкерлер жарнаны 30% аз төлейтін болады.
"Жоғарғы деңгей төмендетілген, ол 6 млн теңге", деді ол.
Қызметкерлерінің 50 пайызы мүмкіндігі шектеулі адамдар болған жағдайда ондай компаниялар мүшелік жарна төлеуден босатылады.
Қазіргі уақытта жиынтықты жылдық табысына орай міндетті жарна төлеушілер екі санатқа бөлінген (орта және ірі бизнес), олар сәйкесінше 160 және 4400 айлық есептік көрсеткіш төлейді.
Қазақстанда шағын бизнес 2019 жылға дейін міндетті мүшелік жарна төлеуден босатылған.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 482
Фото - Caravan.kz