2015 жылдың 1 мамырынан бастап кедендік қызмет өз функцияларын қырғыз-қазақстандық шекарадағы бақылау-өткізу пункттеріне тапсыратынын мәлім етті.
«Бүгінде шекара қызметі кеден қызметінің міндеттерін қабылдауға дайын. Кеден қызметінің өкілдігі қырғызстандық-қазақстандық шекарада ғана тапсырылады. Мемлекеттік шекара қызметі (МШҚ) өткізу бекетінде тәртіпті орнату үшін үнемі шаралар ұйымдастыруы, сонымен бірге жеке құрам арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды Қырғызстанның КО-ға кіруі аясындағы талаптар мен шарттар бойынша оқытуы керек», — деді ол.
МШҚ төрағасының орынбасары Искендер Мамбеталиевтің сөзіне қарағанда, «Ақ-Жол-автожол» бақылау-өткізу пунктінің жеке көлік иелері мұнда алдымен жүк көліктерін өткізетініне наразы. Бұл уақытта жеңіл көліктер кедендік үрдістердің аяқталуын күтуге мәжбүр. Вице-премьер шекара қызметі қазақстандық тараппен Қазақстан аумағына енгенде жолаушылар мен көліктерді тексеруге кететін уақытты қысқарту бойынша мәселелерді талқылау керектігін атап өтті.