Алматыда ірі апатқа себепкер болған автобус жүргізушісі мәлімдеме жасады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда ірі апатқа себепкер болған  автобус жүргізушісі  мәлімдеме жасады

Алматыда ірі апатқа себепкер болған автобус жүргізушісі мәлімдеме жасады

Ал Алматыдағы ірі жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісі мен автопарк басшылары бір-бірін кінәлап жатыр. Қоғамдық көлік тізгінінде болған азамат бастықтардан қысым көріп жатқанын айтады. Олар техниканың істен шыққан тежегіші туралы тіс жармай, бар кінәні өзің арқала деген көрінеді. Десе де, мекеме басшылығы автобуста техникалық ақау болмаған деп өздеріне шаң жуытар емес. №31 бағытта қатынайтын автобус он шақты көлікке соқтығысып, 9 адамды жаралаған еді.

  • 28 Қаңтар 2015
  • 245
Фото - Caravan.kz

18-ші қаңтарда көлік апатына түскен автобус жүргізушісі Жәңгір Боқашевтің қазіргі күйі осындай. Оң қолы мен екі аяғы қатар сынған. Орнынан қозғала алмайды. Айтуынша, сол күні автобустың тежегіші істен шығыпты.

Жәңгір Боқашев, автобус жүргізушісі:

-Жаяу жүргіншілержолында , бір адам кетіп бара жатыр екен. Енді оны өткізуім керек қой. Енді тежегішті бассам,  түсіп кетіпті төмен қарай.

Бой бермеген соң автобусты қалайда тоқтатудың амалын жасап, оң қапталда қаз-қатар тұрған көліктерге әдейі соқтығысқан. Бірақ, қоғамдық көлікті тоқтатуға бұл да сеп болмапты. Қалайда жолаушыларды аман сақтап қалу керек. Амал жоқ, автобустың өзі отырған бұрышымен әдейі Камазға барып ұрған. Өз өмірімді осынша қатерге тіккенімде енді автопарк басшылары өзімді қаралап жатыр деп налиды жүргізуші.

Жәңгір Боқашев, автобус жүргізушісі:

— Мойныңа ал дейді. Тежегіш қастмай қалды деп айтпа деп отыр.  Рөлге ие бола алмай қалдым деп айтқанымды сұрап отыр. Жоқ, жынды адамды тапқан екенсіңдер,олай болмайды дедім.

Бұл №2 автобус паркінің көлік жөндейтін орны. Көліктерден ақау шықса, осы жерде толық жөнделмейінше қызметке жіберілмейді. Апатқа ұшыраған автобус та осылай үнемі жөндеуден өтті дейді басшылары. Сондықтан, бар кінә не болса да жүргізушінің өзінде дегеннен тапбай отыр.


Жәнібек Жақсылықов, Алматы қалалық №2 автобус паркі директорының орынбасары:

-Ол жүргізушінің айтқан сөздері өтірік. Миы шайқалып  қол-аяғы сынып, операциядан шыққан адам не айтып не қойғанын білмейді ғой.

Бір анығы, апатқа түскен автобус 90-шы жылы шыққан ескі көлік. Бұл автопаркте дәл сондай автобустардың тағы бірнешеуі бар. Егер сараптамадан кейін техникадан ақау табылса, автопаркке қатаң шара қолданылары анық. Дегенмен кінәлі тарап сол ресми қорытындыдан кейін белгілі болмақ.