Аукционда Ален Делонның Ferrari көлігі сатылады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Аукционда Ален Делонның Ferrari көлігі сатылады

Аукционда Ален Делонның Ferrari көлігі сатылады

 Artcurial аукцион үйі Парижде сирек кездесетін автомобильдердің коллекциясын сатылымға қояды.

  • 28 Қаңтар 2015
  • 284
Фото - Caravan.kz

Жалпы алғанда, ХХ ғасырдың басынан бері шығарылып, аты аңызға айналған 200-ге жуық автокөлік ұсынылатын болады.

Ең қымбат лоттар арасында Ferrari 250 GT SWB California Spider көлігі бар. Жалпы мұндай көліктің 37-сі шығарылған, бірақ Ферраридің жеке Ален Делонға тиесілі моделі сатылымға қойылады.

Ол бұл машинаны Канн кинофестивалінде «Леопард» фильміне түскені үшін марапатталғаннан кейін, 1963 жылы сатып алған. Ален Делон бұл автомобильді 1965 жылы Голливудқа киноға түсу үшін АҚШ-қа да тасымалдаған.

Кhabar.kz хабарлағандай, лоттың сметалық құны 12 миллион еуроға дейін жетеді.