Аталған индустриялық-инновациялық жоба Үйлестіру кеңесінің жобаларды ҮИИД МБ-ның екінші бесжылдығының Индустрияландыру картасына қосу бойынша кезекті отырысында мақұлданды.
Шара облыстық әкімдікте аймақ басшысы Ерік Сұлтановтың төрағалығымен өтті.
«Жобаның мақсаты — сүттің жоғары қосылған құны бар өнімдерді — ірімшік, сүзбе ірімшік, йогурттарды шығару үшін қайта өңделуін ұйымдастыру. Жобаны «АРБАТ АС» ЖШС іске асыруда. Жобаның құны — 105,6 млн. теңге. Оны 2015 жылы 50 жұмыс орнын құрумен пайдалануға беру жоспарланып отыр. Жоба әзірленді. Жер учаскесіне мемлекеттік акт рәсімделді. Өндірістік база Келлеровка ауылындағы бұрынғы әмбебап дүкенінің ғимаратында орналастырылды. Ол бұрынғы қалпына келтіріліп, Түркияда шығарылған жабдықтар орнатылды», — деп ақпараттандырды индустриялық-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Марат Ысқақов.
Аталған жобаны пайдалануға беруге дайындау мақсатында рұқсат беру құжаттары рәсімделу үстінде.
