Петропавл әкімі ескі үйлерді сүруге ақша таба алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавл әкімі ескі үйлерді сүруге ақша таба алмады

Петропавл әкімі ескі үйлерді сүруге ақша таба алмады

Петропавлда құлағалы тұрған үйлердің тұрғындары дабыл қағуда. Төтенше жағдай мамандарынан құралған комиссия бұл баспаналар адам тұруға жарамсыз деген шешім шығарған. Ал ол жерден жұртты көшіріп, ескі үйлерді сүріп тастауға бюджетте ақша жоқ. Оның үстіне апатты үйлерге қатысты мемлекеттік бағдарламаның өзі де әлі шикі екенін шенеуніктер мойындап отыр.

  • 29 Қаңтар 2015
  • 290
Фото - Caravan.kz

Мына үйдің шатыры осыдан бес жыл бұрын опырыла бастаған. Сол жолы шенділер шатырдың жабындысын ауыстырумен шектелген еді. Ал биыл жазда екінші қабаттағы тағы бір пәтердің едені опырылып түсіпті.

Людмила Степанова, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Әрине, бұл үйде тұруға қорқамыз. Төбе құлағанда жанымыз шығып кете жаздады. Оның үстіне кішкентай бала-шаға бар.

Бұл үйлер 60 жыл бұрын тың игеруге келген жастарға арнап салынған. Кеңес үкіметі тұсында-ақ тұруға жарамсыз деп танылыпты. Ал биыл жазда арнайы комиссия 50 жылдан астам пайдалануда болған көпқабатты 35 үйді тексеріп, оның 11-ін «апатты» деп тапты.

-Бұл үйлердің кіре берістері де әбден тозған. Мына баспалдақпен бала түгілі  ересек адамның өзі көтерілуге қорқады. Шіріген ағаш еденнің сықыры  былай тұрсын, қолмен ұстайтын мына сүйеніштерінің өзі құлағалы тұр.

Алайда ескі үйлерді сүріп тастау оңай шаруа емес. Өйткені мұндай баспаналардағы тұрғындарды өзге жерге көшіру туралы мемлекеттік бағдарламаның өзі шикі.


Марат Тасмағамбетов, Петропавл қаласының әкімі:

-Алдымен ескі үйлердің тұрғындарын өзге баспанаға көшіру туралы бағдарламаны қабылдауымыз керек. Сонан кейін ғана іс алға басуы мүмкін. Алайда шаһар балансында бос тұрған пәтерлер жоқ. Оның үстіне ескі үйлерді сүріп, орнына жаңасын тұрғызуға қала бюджеті қауқарсыз.

Қазір апатты деп табылған 11 үйде жүзден астам отбасы жандарын шүберекке түйіп тұрып жатыр. Бұл тек көпқабатты үйлерге қатысты жағдай.  Ал қалада құлайын деп тұрған жер үйлерде қанша адамның тұратыны мүлдем есептелмеген.